Өтемақы үшін өмірімен қоштаспақ болды

Өтемақы үшін өмірімен қоштаспақ болды

10.03.2021 0 Автор interfact_admin

Таразда өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды полицейлер құтқарып қалды

 

Таразда жұмысшы өтемақы төлемеді деп өзіне қол жұмсамақ болды. 29 жастағы азамат мұндай қадамға өзі жұмыс істейтін өндіріс орнының басшысы алған жарақатына ақша бермегені үшін барғанын айтқан, деп хабарлайды http://Interfact.kz

Ол қараусыз тұрған бес қабатты нысанның төбесіне шығып, жұртты құлаймын деп әбігерге салды. Алайда оқиға орнына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары қайғылы жағдайдың алдын алды. Полиция аға лейтенанты Данияр Тазабеков оны әңгімеге тартып, секіргелі тұрған жерінен құтқарып қалған. Суицид жасамақ болған жігіттің қандай кәсіпорында жұмыс істейтіні айтылған жоқ.

«29  жастағы жас жігіт өзінің жұмыстағы жарақат алғаны және оған әлі күнге дейін ақшалай төлемақы төленбегені туралы шағымданған. Біздің қызметкер әңгімелесуді жалғстыра отырып, керекті сәтте оның қолынан ұстап, шатырдың шетінен тартып алды», – деді Облыстық ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің маманы Бегман Құмырзаев.