«Қош келдің, әз Наурыз!» Бауырсақ Party

«Қош келдің, әз Наурыз!» Бауырсақ Party

18.03.2021 0 Автор interfact_admin

Д. А. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдеп кітапханасында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлау, ұлтымыздың салт-дәстүрлерін көрсету, насихаттау мақсатында кітапханада оқырмандармен бірге «Қош келдің, әз Наурыз!» бауырсақ Party ұйымдастырылды.


Ұлттық киімдегі кітапхана қызметкерлері қазақ халқының ұлттық тағамы бауырсақ пісіруде белсенділік танытты. Аналар қазанға май қыздырып, қамыр жаюдан шеберліктерін көрсетсе, әкелер қазан-ошақ жайын қамдады. Жаңару мерекесі аясында ұйымдастырылған «Бауырсақ party» шарасында 20 келідей бауырсақ пісіріліп, ыстықтай үйлестірілді.

Іс-шараға қатысқан оқырмандар «ас атасынан» дәм татып, кітапхана ұжымының мерекелік тартуына ризашылығын білдірді.