Қордайдағы су жаңа мектептің қабырғасы қақ жарылған

Қордайдағы су жаңа мектептің қабырғасы қақ жарылған

23.02.2021 0 Автор interfact_admin

Қақпатас ауылындағы 2015 жылы салынған орта мектептің апатты жағдайын, сондағы қызметкерлер түсіріп әлеуметтік желіге жүктеген.

Қызметкерлер қабырғаның әне-міне дегенше құлағалы тұрғанын айтып қауіптенгені видеоға жазылған. Кейбір кадрде қарс айырылған қабырғаның арасынан арғы беті байқалады.

Жағдайға байланысты Қордай ауданының әкімдігі әлеуметтік желіге жазба қалдырған.

Әлеуметтік желілердегі парақшаларда Қақпатас ауылындағы №30 орта мектеп бойынша жарияланған материал бойынша ақпарат:

2021 жылдың 19 ақпанда Қақпатас ауылындағы №30 орта мектепте спорт залдың ұлдар мен қыздар киім ауыстыратын бөлмелерінің іргетасының отыруына байланысты қабырғалары ажырап кеткен.
Қақпатас ауылындағы №30 орта мектебі 2015 жылы 1 қыркүйек айында құрылыс жұмыстары аяқталып, қабылдау актілері жасалып, қолданысқа берілді. Аталған мектептің жобалық қуаттылығы 250 орын. Жағдайға қатысты аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес жұмысшы топ құрылды. Қазіргі таңда жұмысшы топ Қақпатас ауылындағы №30 орта мектепке барып, дефектілі акт жасалды. Тексеру нәтижелері бойынша, мектептің негізгі іргетасы және қабырғаларына зақым келмеген, қазіргі уақытта апатты жағдай пайда болуы қаупі жоқ.
Аталған мектептің зақым келген бөлмелері жабылды және адамдардың кіруіне тыйым салынды. Мердігерге анықталған жағдай бойынша хабарлама берілді. Ақауды жою жұмыстары мердігер компания есебінен жүргізілетін болады.