Ясауи шежіресі мен мөрі табылды

Ясауи шежіресі мен мөрі табылды

27.02.2021 0 Автор interfact_admin

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-экспедициясы аясында Өзбекстан Республикасының Наманган қаласынан Түркі әлемінде ислам дінінің кең таралуына ерекше леп беріп, сопылық негіздерінің дәнін еккен әйгілі Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір нұсқасы мен ислам әлеміне әйгілі он бір шайықтың есімі жазылған мөр табылды, — деп хабарлайды Interfact.kz тілшісі  Tengrinews.kz ке сілтеме жасап. Ақпаратты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі жариялаған.

«Бұл зобалаң Ахмет Ясауи ұрпақтарына қатты соққы болған. Сол себепті әкесінен ерте айрылған Икрамжан қария 10 жасында анасы екеуі бас сауғалап Наманганға тығылыпты. Ата-балаларынан ұрпақтан-ұрпаққа жеткен Насабнама мен мөрді сақтап қалу үшін Наманган жерінде де көп қиындықтар көрдік», — деп еске алды қария.

Ибрахимжан қажының сөзінше, қараңғы сәттерде жасырынып жүріп, арық-атыздар мен елеусіз жерлерге көмген кездер болған екен.

«Әкем Түркістанда жерленді. Ал анам Наманганда жатыр. Бізге бұл жақта да оңай болған жоқ. Атадан-балаға мұра боп келе жатқан аманатты сақтап қалу анам екеуміздің басты парызымыз болды. Қараңғы сәттерде жасырынып жүріп, арық-атыздар мен елеусіз жерлерге көмдік. Жер астында көп жатқандықтан Насабнаманың кейбір жерлерінің бояуы өзгеріп, шіри бастады. Көзімнің тірісінде бұл аманатты бабам жатқан жерге табыстауды армандап жүрген едім»,-деді Ибрахимжан қажы.