Тіркеу тағы бір жылға созылды

Тіркеу тағы бір жылға созылды

27.02.2021 0 Автор interfact_admin

Ел үкіметі Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімін тағы бір жылға ұзартты. Енді шеттен жеткізілген көліктердің құжатын 2022 жылдың 1 наурызына дейін рәсімдеуге болады.

Коронавирустың кесірінен шекара біраз уақытқа дейін жабық болды. Сондықтан мыңға жуық отандасымыз Армениядан алған көліктерін тіркеп яки қайтарып үлгермеген. Осыны ескерген үкімет жүргізушілерге жеңілдік жасап отыр. Сондай-ақ олар қосарланған салықты алып тастамақ. Енді жүргізушілер екі елге бірдей салық төлеп жүрмейді.