Таразда дауылдың салдары жойылуда

Таразда дауылдың салдары жойылуда

22.02.2021 0 Автор interfact_admin

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараздағы жойқын желден бүлінген тұрғын үйлер мен нысандарды аралап шықты, — деп хабарлайды jambylinfo.kz агенттігі.

Жамбыл даңғылындағы №123 үйдің 120 шаршы метрлік шатырын жел ұшырып әкетткен. 60 жыл бұрын іргесі қаланған тұрғын үй бұған дейін бірде-бір рет күрделі жөндеуден өтпеген. Аймақ басшысы тұрғын үйдің жағдайымен танысып, тұрғындарды әңгімеге тартты.

— Жаңбыр жауған шатырдан су ағып кетуіне жол бермеу үшін уақытша жабын орнатылады. Дегенмен, күн жылығаннан кейін терможаңғырту бағдарламасы аясында үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет, — деді Б. Сапарбаев тұрғындарға.

Үйге ПИК қызмет көрсетеді, терможаңғырту бағдарламасына қатысу үшін тұрғындардың қолдары жиналып үлгерген.