Студенттердің шәкіртақысы екі есеге өседі

Студенттердің шәкіртақысы екі есеге өседі

11.03.2021 0 Автор interfact_admin

2025 жылға қарай студенттердің шәкіртақысы екі есе өседі. Үкімет отырысында жоспар қалай жүзеге асатыны айтылды.

«Биылғы оқу жылында студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға, докторанттарға 83 пайызға өсті. 2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы тағы екі еселенеді, магистранттар мен докторанттарға – 1,5 есе артады», – деп хабарлады білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында.

2020 жылы бакалаврларға арналған шәкіртақы айына 26 186 теңге болса, 2025 жылы ол 52 372 теңгеге дейін ұлғаяды. Магистранттар үшін шәкіртақы 66 913 теңгеден 117 098-ге дейін, докторанттар үшін 150-ден 262 мың теңгеге дейін өседі.

«Жоғары білім алу қолжетімді болуы үшін 2025 жылға дейін гранттар саны 50 пайызға артады. Кадрлар даярлауға арналған гранттар тек сұранысқа ие салаларға бөлінеді. Әртүрлі грант енгізіледі», – деп атап өтті Аймағамбетов.

2020 жылы 51 059 грант бөлінді, ал 2025 жылы 76 500 білім грантын бөлу жоспарланып отыр.