Пара ретінде 30 қой алған басшы орнынан айырылды

Пара ретінде 30 қой алған басшы орнынан айырылды

27.03.2021 0 Автор interfact_admin

Сот 30 қой және 11 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін жолы болмаған шенеунікті қызметінен айырып, миллиондаған теңге айыппұл салды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің телеграм арнасы.

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім бастығы К. Ташкент тасжолының бойында Шымкент қаласына жақын орналасқан жер учаскесіне мемлекеттік акті алуға көмек көрсеткені үшін пара алды деген күдікке ілінді.

25 наурызда әл-Фараби аудандық сотының үкімімен К.-ға алаяқтық жасағаны үшін 15 миллион 620 мың теңге айыппұл салынды, ол енді өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқара алмайды.