Н.Календеров Елбасы медалін табыстады

Н.Календеров Елбасы медалін табыстады

18.03.2021 0 Автор interfact_admin

Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров білім бәйгесінде оза шауып, үздіктердің қатарынан көрінген 7 оқушыны қабылдап, Елбасы медалін табыстады.


Біз үшін жастармен жүздесіп, пікір алмасатын әрбір кездесудің маңызы ерекше. Ал бүгінгі кездесудің мәні тіптен бөлек деуге болады. Біз әлемнің жаңа талаптары мен сұраныстарына лайықты жауап беруіміз керек. Ол үшін Тәуелсіз еліміздің жаңа буын жастары, білімді әрі талапты болулары керек. Ата-бабаларымыз ғылым-білімнің тек оқу арқылы табылатынын өсиет етті. Ауданымыздың оқушылары республика бойынша алдыңғы қатардан көрінуі – біз үшін үлкен мәртебе. Оқушыларды осылай тәрбиелеген ата-аналарына, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына ерекше алғысымды білдіремін! — деді аудан басшысы.