Зорландым деген 20 жастағы келіншектің өзі сотталды

Зорландым деген 20 жастағы келіншектің өзі сотталды

09.03.2021 0 Автор interfact_admin

Ақтөбе облысында Алға ауданының 20 жастағы тұрғыны зорланғаны туралы жалған ақпарат бергені үшін сотталды, деп хабарлайды http://Interfact.kz
ақпараттық порталы.


20 жастағы қыз полицияға арызданған. Ол өзін зорлаған танысын жауапқа тартуды сұраған. Алайда ер адам оны зорламағаны анықталды. Қасақана жалған ақпарат бергені үшін «жәбірленушіге» қылмыстық іс қозғалды.

Сот шешімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталған келіншек 3 жасар қыз тәрбиелеп отыр, сондықтан сот жазаны 5 жылға кейінге қалдырды.