Жаңа туған нәрестелер перзентханадан ұлттық киіммен шығуда — ШҚО

Жаңа туған нәрестелер перзентханадан ұлттық киіммен шығуда — ШҚО

20.03.2021 0 Автор interfact_admin

Наурыз мерекесі қарсаңында облыс перзентханаларының бірінде жаңа туған нәрестелерге ұлттық нақыштағы киімдер тарту етілді.

ШҚО ақпарат орталығының мәліметі бойынша, аталмыш сыйлықтар Аягөз ауданының ауданаралық ауруханасында Наурыз мерекесіне орай жаңа туған сәбилерге берілген. Ал аналарына Наурыз көже таратылды.

 

Перзентханада 16 наурыз күні 5 сәби дүние есігін ашыпты. 2 бала Үржар ауданынан болса, 3-еуі Аягөздікі.

 

— Аягөз ауданаралық ауруханасында екінші сәбиімді өмірге әкелдім. Бүгін ауруханадан шығатын кезде дәрігерлер қазақтың ұлттық киімдерін киіп келіп, сәбиіме қазақи нақыштағы киім сыйлады, — дейді жас ана Саяжан Сәрсенғали.

 

Балаларға арналған киім санитарлық талаптарға толықтай сай. Сыйлықтар мереке күндері босанған