ЖАМБЫЛДЫҚ 2 ҰСТАЗ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ» АТАҒЫН ИЕЛЕНДІ

ЖАМБЫЛДЫҚ 2 ҰСТАЗ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ» АТАҒЫН ИЕЛЕНДІ

19.03.2021 0 Автор interfact_admin

Педагогикалық үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Жамбыл облысының үздік ұстаздары Айгүл Қалмаханова және Мираш Бигелдиева «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен марапатталды деп хабарлайды http://Interfact.kz ақпараттық порталы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Айта кету керек, ел тарихында мұндай марапатпен педагогтарға алғаш рет марапатталуда. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес тағайындалған мемлекеттік награданы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов табыс етті.
Мемлекеттік марапатқа ие болған Айгүл Қалмаханова — Жамбыл ауданындағы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Үздік педагог-2019» республикалық байқауының жеңімпазы, «Әлем педагогы» байқауына іріктелген 10 мұғалімнің қатарына енген.

Ал Мираш Бигелдиева – облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының тарих пәнінің мұғалімі, бірқатар халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы, шәкірттері Ұлттық бірыңғай тестілеу сынынан жыл сайын жоғары нәтиже көрсетуде.
Мемлекеттік марапаттарыңыз құтты болсын!