ЖАМБЫЛДЫҚ 1068 ПЕДАГОГ КОВИДКЕ ҚАРСЫ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ

ЖАМБЫЛДЫҚ 1068 ПЕДАГОГ КОВИДКЕ ҚАРСЫ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ

18.03.2021 0 Автор interfact_admin

Бүгінгі таңда Covid-19 індетіне қарсы екпені облыстағы 1068 білім саласының қызметкері салдырған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова мәлімдеді.


Екпе салдырғандардың ішінде балабақша тәрбиешілері, бастауыш сыныпқа сабақ беретін педагогтар, колледж ұстаздары, білім басқармасы мен білім бөлімдерінің қызметкерлері бар. Екпе салдырған педагогтардың денсаулығы қалыпты.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 1 ақпаннан бастап қазақстандықтарға індетіне қарсы екпе салына бастады. Ал наурыз айынан еліміздегі педагогтарға екпе салдыру науқаны басталған болатын.
Індетке қарсы вакцина салдыру үшін ұстаз алдымен арнайы екпеге дайындалған бөлмеде денсаулығын тексертеді. Кінәрат болмаған соң екпенің бірінші дозасын қабылдайды. Вакцина алған мұғалімдер стационарлық бақылауда болады.

Өңірдегі педагогтар арасында вакциналаудың маңызы туралы түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек.