ЖАМБЫЛДА АЛДАҒЫ БЕС ЖЫЛДА 140 МЛН ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛМАҚ

ЖАМБЫЛДА АЛДАҒЫ БЕС ЖЫЛДА 140 МЛН ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛМАҚ

16.03.2021 0 Автор interfact_admin

Жамбыл облысында алдағы бес жыл ішінде 140 млн түп ағаш отырғызылады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Аслан Оразбеков айтты. Бастама президент жолдауында жүктелгендей «Ағаштар көлемін арттыру» бағыты бойынша жүргізілетін жұмыстарға жатады.

©️« — Жолдауда айтылған Республика бойынша отырғызылатын 2 млрд ағаштың 140 млн түбі біздің өңіріміздегі орман қорына отырғызу жоспарланып отыр. Аталған тапсырманы кезең-кезеңімен орындау үшін арнайы жоспарда бекітілген. Тапсырманы алдағы 5 жылда орындау үшін Жамбыл облысы бойынша кешенді жоспар 5 есеге көбейтіліп,орман шаруашылығы комитетімен келісілді. Отырғызылатын ағаштарға 79,4 мың га орман қоры жерлері дайындалуда, — деді А. Оразбеков.

🔹Бұдан бөлек елді мекен ішінде және айналасына отырғызуға тиесілі 970 мың түп ағашты отырғызудың 5 жылдық жоспары да бекітілген. Бұл жұмыстар басқарманың бастамасымен орман, жануарлар дүниесі, су қоймалары, жер қойнауын пайдалану және экология салаларын дамытудың кешенді жоспарына енгізілген. Әсіресе, орман шаруашылығы саласы төңірегінде атқарылған жұмыс көп.

« — Бүгінде өңіріміздегі орман қорының жалпы көлемі 4,4 млн. га тең. Өткен жылға басқармаға қарасты мекемелермен бірлесіп орманға ағаштар 3054 гектарға, сексеуіл тұқымы 2750 гектарға отырғызылды. Сонымен қатар, жоспар бойынша 49 гектарға тұқымбақ жасақталып, әртүрлі қылқан жапырақты ағаш көшеттері өсірілуде. Өткен жылдың күз айында тұқымбақ көлемі 93 гектарға ұлғайтылды,-деді басқарма басшысы.

 

🔺Брифинг барысында өткен жылы өңірде өрт көлемі өршігені жайлы да айтылды. Тілсіз жау табиғатқа зиянын тигізбей қоймаған. Облыс бойынша 19 орман өрті тіркеліп, өртке шалдыққан аумақ 41 777 гектарды шарпыған. Жалпы шығын 15 млн. 804,1 мың теңгені құраған.