Еліміз 12 жылдық білім беруге көшеді

Еліміз 12 жылдық білім беруге көшеді

16.03.2021 0 Автор interfact_admin

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқулық іріктеу рәсіміне қойылатын талап қатаңдатылатынын айтты. Бұл туралы министрліктің алқа мәжілісінде мәлімдеді.

«Орта білімді дамыту үшін латын графикасын енгізе отырып, 2023 жылдан бастан 12 жылдық оқытуға кезең-кезеңмен көшу көзделіп отыр. Бұл үшін біз  өте ауқымды жұмыс атқаруымыз керек. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу бағдарламалары жаңартылуы керек», – деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің мәлімдеуінше, болашақта математика, тілдер және информатика сияқты пәндерге ерекше назар аударылады.