Елге Ердоған келмек

Елге Ердоған келмек

18.03.2021 0 Автор interfact_admin

Түркия президенті Ережеп Тайып Ердоған 30-31 наурызда Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (Түркі кеңесі) бейресми саммитіне қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді. Бұл туралы http://Interfact.kz     РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

 

«Түркия Президенті Түркі кеңесінің бейресми саммитіне қатысу үшін 30-31 наурызда Қазақстандағы Түркістан қаласына барады деп жоспарланды», – делінген хабарламада.

2009 жылы қазанда құрылған Түркі кеңесі – қазіргі түркі мемлекеттерін біріктіретін халықаралық ұйым. Оның басты мақсаты елдер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту. Кеңес құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді.

Айта кетейік, 1 қаңтарда Тоқаев пен Ердоған Түркия президентінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру мүмкіндігін пысықтауға келіскен болатын.