Былтыр Жамбылда 244 кәмелетке толмаған қыз жүкті болып қалған

Былтыр Жамбылда 244 кәмелетке толмаған қыз жүкті болып қалған

25.03.2021 0 Автор interfact_admin

Осы деректің 40-ы жыныстық сипаттағы жасалған қылмыс болса, 8-і зорлау түріне, 4-уі сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттеріне жатады. Ал 21-і он алты жасқа толмаған тұлғамен жыныстық қатынасқа түссе, 7-уі жас баланы азғыруға барған.

Бұл туралы Жамбыл облыстық білім басқармасының жыл қорытындысына арналған алқа мәжілісінде айтылған болатын, деп хабарлайды interfact.kz

Жүкті болғандардың 175-і 17-18 жас аралығында болса, 57-сі – 16-17 жастағылар. 12 қыз небәрі 15-16 жасында құрсақ көтерген.

Мамандардың сөзінше, жасына жетпей жүкті болғандардың қайда білім алатыны немесе үйде отырғаны, қайсысының ата-анасынан бөлек тұратыны,  кімнің ерте бастан отау құрғаны белгісіз.

Осыған қатысты мәселелер жергілікті әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында да көтерілген.

Бұл жиынның қорытындысы негізінде жазылған жазба әлеуметтік желіде де қызу талқыға түскен-ді.

Желі қолданушыларының дені құзырлы органдар мен жауапты мамандарды орын алған фактіні осылай  ашық түрде   ұдайы талқылап отыруға шақырған.