Алматыда ұшақ апатқа ұшырады

Алматыда ұшақ апатқа ұшырады

14.03.2021 0 Автор interfact_admin

Алматы әуежайы маңында әскери ұшақ апатқа ұшырады.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға әуежай маңындағы Қызылту ауылы жанында болған. Апат кадрлары желіде пайда болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Алматы әуежайы маңында Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы ҰҚК Шекара қызметінің AH-26 ұшағы құлады. Бортта 6 адам болған. 4 адам қаза тапқан.

«Бүгін 17:20-да Нұр-Сұлтан-Алматы» бағытында ұшып шыққан ҰҚК әуе қызметінің АН-26 ұшағы апатқа ұшырады. Бірден дабыл қағылды. Оқиға орнына апаттық құтқару жасағы шұғыл аттанды. Алдын ала таралған ақпаратқа сәйкес, борт ұшу қону жолағының бас жағында құлаған. Қаза болғандар туралы ақпарат жоқ», — деді әуежайдан.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.